Оқушы иттен қорқып, есінен танып қалды. Бұл туралы №16 орта мектеп әкімшілігі хабарлады.
Ақтөбе қаласында болған оқиғадан соң № 16 орта мектеп әкімшілігі жалған ақпарат таратпауға шақырды.
— Жалған ақпарат таратпауды және тек сенімді дереккөздерге ғана сенуді сұраймыз. Біздің мектептің оқушысы бүгін таңертең үйінің ауласында жүгіріп өткен иттен қорқып, есінен танып қалған (ит баланы тырнап, таламаған). Оның анасы жедел жәрдем шақырып, бала ауруханаға жеткізілген. Өкінішке қарай есін жинамаған бала сол жерде қайтыс болған, - деп хабарлады мектеп әкімшілігі.