Полиция өңірде маргиналды жастардың қылмыстық әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды Paryz.kz.
ІІМ мәліметінше, үш ер адам мен бір қыздан тұратын топ екі 19 жастағы тұрғынды күш қолданумен қорқытып, 3 000 АҚШ долларын бопсалаған. Бірнеше мекенжайда тінту жүргізу нәтижесінде тәртіп сақшылары заңсыз әрекеттердің маңызды дәлелі болып табылатын көп айғақ заттарды анықтады.
Атыс қарулары мен суық қару, өзге автокөліктердің құжаттары, телефондар және есірткі тәркіленді. Тергеу барысында топтың басқа да мүшелері анықталды. Олардың екеуі бұзақылық қылмысы бойынша, біреуі – заңсыз қару сақтағаны, тағы біреуі есірткі қылмысы бойынша күдіктілер.
Ұсталғандардың барлығы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторында қамауда, - делінген хабарламада.