Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 497 – 503 теңгеден саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 26 ақпанға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 498,69 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,79 теңге. Еуро – 522,23. Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 501 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 499 теңге.
Еуро 521– 526 теңге аралығында құбылып тұр. Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 503 теңге, сатып алу құны – 497 теңге.
Еуро 527 теңгеден сатылып, 520 теңгеден сатып алынады. Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,60 - 5,76 аралығында саудаланып жатыр. Айта кетейік, 25 ақпан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 3,39 теңгеге төмендеп, 498,76 теңге болған.