Прямая трансляция

Астана

Астана

-0.03°C

ШҚО тұрғынынан 4 келіден астам марихуана тәркіленді

Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері жеке тұтыну мақсатында ірі көлемде есірткі затын дайындаған ер адамды ұстады, деп хабарлайды

ШҚО тұрғынынан 4 келіден астам марихуана тәркіленді
Фото: polisia.kz

Жедел іс-шаралар барысында одан 4 келіден астам кептірілген марихуана тәркіленген.

Тыйым салынған затты ол өз үйінің аумағында – шатырында және жазғы асүйінде сақтаған. Сотқа дейінгі тергеу барысында күдікті өз кінәсін мойындады.

Қазіргі уақытта ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция азаматтарды салауатты өмір салтын ұстануға және есірткіден бас тартуға шақырады.

Әрқайсысымыз азаматтық белсенділік танытып, осындай фактілер туралы құқық қорғау органдарына хабарлау арқылы қоғамды қауіпсіз ете аламыз.