Желіде мотоцикл мінген ер адамға патрульдік полиция қызметкерінің ауызша жасаған ескертуі жұртты сүйсінтті, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
Видео әлеуметтік желіде таралды. Онда полицейдің жылдам жүрген мотоцикл қызметкеріне жасаған ескертуін байқауға болады.
«Братишка, ана өмірге бәріміз барып үлгереміз. Асықпасай», - дейді патруль қызметкері дауыс зорайтқышпен.
Полицейдің бұл ісіне жұртшылық еріксіз сүйсінді.
«Жол-пол қызметкерлеріне үлгі ғой», «Ағалық ақыл деп қабылда», «Мұндай МАИ қызметкерлері өте көп», «Осындай жігіттің анасына мың алғыс», «Жол сақшылары осылай мейіріммен жұмыс істесе ғой», - деп жазды желі қолданушылары.