Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Ақтөбеде 38 жастағы әйелді пышақтап кетті

Ақтөбеде 38 жастағы әйел пышақ жарақатынан көз жұмды, деп хабарлайды Paryz.kz "Диапазон"-ға сілтеме жасап.

Ақтөбеде 38 жастағы әйелді пышақтап кетті
Фото: Абзал Қалиев

Әйел ауруханаға жедел жәрдеммен 19 ақпанда жеткізілген. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, науқасқа шұғыл ота жасалды.

Алайда, ол 20 ақпанда жансақтау бөлімінде қайтыс болды. 

Ақтөбе қаласының полиция басқармасы кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.