ҚазАвтоЖол ауа райына байланысты екі облыста көлік қозғалысы шектелетінін хабарлады.
Атырау облысы: 2025 жылғы 21 ақпан сағат 15:30-да ауа райының бұзылуына байланысты «Доссор - Құлсары - Бейнеу - Сайөтес - Шетпе - Жетібай – Ақтау» автожолының 3-120 шақырым аралығындағы учаскесінде (Доссор ауылынан Құлсары ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады. Жолды 21 ақпан сағат 19:00-де ашу жоспарланған.
Ақтөбе облысы: 21 ақпан сағат 16:30-да ауа райының бұзылуына байланысты «Ақтөбе - Қандыағаш - Доссор - Атырау - РФ шекарасы» автожолының 14-255 шақырым аралығындағы учаскесінде (Ақтөбе қаласы - Қарауылкелді ауылы) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады. Жолды 22 ақпан сағат 06:00-де ашу жоспарланған.