Прямая трансляция

Астана

Астана

18°C

Шенеуніктерді тура жиналыс барысында ұстап алып кеткен

Самарқандта электр және газбен жабдықтаушы компаниялардың жеті қызметкері сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен тікелей жиналыс кезінде ұсталды. Бұл туралы Өзбекстанның Энергетика министрлігі хабарлады, деп жазады Paryz.kz.

Шенеуніктерді тура жиналыс барысында ұстап алып кеткен
Фото: дереккөз

14 ақпанда өткен жиынға Бас прокурордың орынбасары Шохрух Әминов жетекшілік еткен.

Кездесу барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлық схемаларын талқылап жатқанда, жеті қызметкерге қылмыс жасады деген күдік тағылып, олардың қолына кісен салынды.

Күдіктілерді әріптестерінің көзінше кабинеттен күшпен алып кеткен. Сот оларды қамауға алу туралы шешім шығарды.