Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

Ақтөбе облысында 37 мектепте директор жоқ

Ақтөбе облысында жалпы білім беретін 37 мектепте директор жоқ, деп хабарлайды baq.kz.

Ақтөбе облысында 37 мектепте директор жоқ
фото: baq.kz

Ақтөбе облыстық білім басқармасы әкімшілік жұмыстар, персоналды басқару және педагог кадрлармен жұмыс бөлімінің бас маманы Дархан Убайтжановтың айтуынша, директорлар тапшылығының негізгі себебі — шалғай ауылдарға баруға ниетті кандидаттардың болмауы.

Биыл облыстағы мектептерде директорлар тапшылығымен қатар 87 педагогке қажеттілік бар. Мұндай қажеттілік барлық ауданда тіркеліп отыр. Атап айтсақ, математика, физика, химия, биология, орыс тілі, ағылшын тілі пәндеріне мұғалімдер қажет. Бұл мәселені шешу үшін жұмыстанып жатырмыз. Алдағы уақытта кадрлар тапшылығы педагогтер даярлайтын жоғары оқу орны — Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті және жергілікті колледждерден мемлекеттік білім беру гранттары бойынша педагогикалық жоғары оқу орындарын бітірген түлектердің есебінен біртіндеп жабылатын болады. Жетіспеушілік байқалып отырған мамандықтарға жыл сайын жергілікті грант бөлініп отыр, - дейді ол.

Бас маманның айтуынша, 2023 жылы облыста 24 грант иегері оқуын аяқтаса, былтыр 38 жас жоғары білім алып шыққан.

Сондай-ақ 2025 жылы – 32, 2026 жылы 18 грант иегері оқуын аяқтап, жергілікті жерлерге жұмысқа орналастырылады. Грант иегерлерінің басым бөлігі — орыс сыныптарына сабақ беретін орыс тілі мен әдебиеті, математика, физика, химия пәндерінің және бастауыш сынып мұғалімдері. Облыста педагогтердің біліктілігін арттыру мақсатында іс-шаралар тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Мәселен, өңірде 2021 жылы — 4102, 2022 жылы — 7173, 2023 жылы — 7602, 2024 жылы 6611 педагог біліктілік артыру курсынан өтті. Биыл 4572 педагог біліктілігін арттырады, - дейді ол.