Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Жол ережесін жиі бұзатындарға жазаны күшейту керек –сенатор

Сенат депутаты Марат Қожаев Премьер-министр Олжас Бектеновқа жол қозғалысы ережелерін бұзушыларға қатысты жазаны күшейту туралы сауал жолдады, деп хабарлайды

Жол ережесін жиі бұзатындарға жазаны күшейту керек –сенатор
фото: Бауыржан Жуасбаев

Оның айтуынша, Алматы қаласында жол ережесін бұзушылардың саны өсіп, жиі ереже бұзатындар көбейген.

2024 жылы Алматыда 4,2 миллионнан астам жол қозғалысы ережелерін бұзу жағдайы тіркелген. Бұзушылықтардың негізгі бөлігі (3,7 миллионнан астамы) автоматтандырылған техникалық құралдар арқылы анықталған. Алматыда көлік құралының бір жүргізушісі бір жылда үш миллион теңгеден астам сома айыппұл төлеп, 143 бұзушылық жасаған жағдай тіркелген,-деді сенатор.

Сенатор алдын алу жұмысын күшейту үшін мұндай жүргізушілерді сынақты қайта тапсыруға жіберуді, сондай-ақ қажет болған жағдайда оларды жүргізуші куәлігінен айыруды ұсынды.

Әсіресе техникалық құралдар тіркеген ереже бұзу дерегі бойынша жүргізушілердің жауапкершілігін күшейту мәселесін қарауды ұсынамыз. ӘҚБтК-дегі өзгерістерде техникалық құралдар тіркеген 10 және одан да көп бұзушылығы бар жүргізушілерді Жол жүрісі қағидалары бойынша теориялық емтиханды қайта тапсыруға жіберуді міндетті ету маңызды. Жүргізуші куәлігінен уақытша айыруға дейін камералармен тіркелген жол қозғалысы ережесін қайталап бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейту қажет. Заң талабын бұзушыларға белгілі бір кезеңдегі тәртіп бұзу санын ескеретін сараланған жаза тетігін әзірлеу және ережені жүйелі түрде бұзушыларға айыппұл төлеуде 50% жеңілдікті алып тастау маңызды, - деді депутат.