Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

«Баланы тілгілеп тастаған»: Лифтідегі қанды оқиғаға қатысты тың дерек шықты

Астана Полиция департаменті тұрғын үйлердің бірінің лифтінде балаға пышақпен шабуыл жасаған жасөспірім ұсталған сәтті көрсетті, — деп хабарлайды Paryz.kz.

«Баланы тілгілеп тастаған»: Лифтідегі қанды оқиғаға қатысты тың дерек шықты
фото: видеодан скриншот

Астана Полиция департаменті бастығының орынбасары Қуаныш Орынбетовтің айтуынша, балаға жасалған шабуыл бойынша қылмыстық іс қозғалған.

«Күдікті ретінде психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған жасөспірім анықталды. Ол заңды өкілімен бірге дереу полицияға жеткізілді», — деді ПД өкілі. 

Ведомство мәліметінше, тергеу аяқталған соң оны оқшаулау бойынша шаралар қабылданбақ.

«Оның заңды өкілі баланы тәрбиелеу бойынша міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Жарақат алған бала ауруханаға жатқызылды, дәрігерлер оған қажет көмекті көрсетіп жатыр», — деп мәлімдеді полиция.