Алматыда есірткі жасырып кетіп жүрген жігіт «жұмыс» үстінде қолға түсті, деп хабарлайды Paryz.kz.
Полиция қызметкерлері 22 жастағы жігітті Алматының Жетісу ауданында жеке секторда ұстады. Жедел уәкілдердің айтуынша, ол есірткі бетбелгісін қойып, «жұмыс берушілеріне» фотоесеп жіберіп отырған. Кері байланыстардың бірінде күдікті ұсталды.
«Жедел-тергеу тобы күдіктінің жеке басын тінту және оқиға болған жерді қарау барысында қызғылт түсті ұнтақ заты бар 9 қаптаманы тапты. Жас жігіт есірткіні үшінші адамдарға сату үшін бетбелгі қойғанын мойындады. Қаскөй ұсталды. Алматыға «синтетиканы» жеткізу арнасын және есірткі ісінің басқа да қатысушыларын анықтау бойынша бірқатар жедел іс-шаралар жүргізілуде. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының басшысы Мұрат Жұмабаев.
ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.