Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында Ақтау қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Тимур Сәдуақасовқа іздеу жарияланғаны хабарланды.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті Тимур Сәдуақасовқа пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру бойынша қылмыстық іс аясында пара беруге итермелеу және алаяқтық жасағаны үшін іздеу жариялады, - делінген құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары порталының ресми ақпаратында.
Іздестіру карточкасына сәйкес, Сәдуақасов тегі бойынша іс 2025 жылғы 5 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысында тіркелген. Іздестіруді бастаған орган – сот, ал іздестіру жүргізетін орган – ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті екені де жазылған.