Үндістан мен Қазақстан астаналары арасында жаңа маршрут іске қосылады. Бұл туралы Қазақстанның авиациялық билігінің "Indigo" Үнді "лоу-кост" әуе компаниясының басшылығымен кездесуінде белгілі болды.
"Биылғы жылдың 14 мамырынан бастап "Indigo" әуе компаниясы Астана – Дели бағыты бойынша жаңа бағыт ашуды жоспарлап отыр. Рейстер A-320/321 типті әуе кемелерінде аптасына 3 рет жиілікпен орындалады", - деп хабарлады Көлік министрлігі.
Сонымен қатар, бұған дейін хабарланғандай, "Эйр Астана" әуе компаниясы осы жылдың 20 сәуірінен бастап "Airbus" үлгісіндегі әуе кемесінде аптасына 3 рет жиілікпен Алматы – Мумбай бағыты бойынша Үндістанға рейстер ашады.
Қазіргі уақытта тұрақты әуе қатынасы Алматы – Дели ("Эйр Астана" - аптасына 7 рейс, "IndiGo" - аптасына 7 рейс), Алматы – Гоа (SCAT – 2), Астана – Гоа (FlyArystan – 2) бағыттары бойынша орындалады.