Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

"Көктем-2021": Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу қалай өтті?

Көктем мезгілі Төтенше жаңдайлар министрлігі үшін қарбалас тірлішіллке толы маусым екені белгілі. Себебі қыс бойы жиналған шаруалар, еріген қар, су тасқыны сияқты төтенше жағдайлапрдың барлығы да осы мезгілде көқп орын алады. Ал оның алдын алу, қапін тудырмау сияқты маңызды мәселелер қалай жүзеге асырылады? Осы және басқа да сұрақтардың жауабы ретінде дәстүрлі "Көктем-2021" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу ұйымдастырылды.

"Көктем-2021": Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу қалай өтті?
фото: ашық дереккөз

Бүгін Төтенше жағдайлар министрлігінде "Көктем-2021" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығудың қорытындысы бойынша бейнеселекторлық кеңес өтті.  Аталған кеңеске Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің төрағалық етті.

Осы орайда азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің көктемгі кезеңдегі ТЖ-ға жоюға дайындығы туралы ТЖМ бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев баяндама жасады. Оның айтуынша, елді мекендерден 1,8 млн. астам текше метр қар шығарған. Халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын 1112 отбасыға үй маңындағы учаскелерді қардан және үйлердің шатырларынан мұзды тазарту бойынша көмек көрсетілген.

"Көктемгі дайындық өте маңызды екенін баршамыз жақсы білеміз. Осы уақытта төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында біршама жұмыстар атқарылып жатқанын естеріңізге саламыз. Оның ішінде, атап айтқанда, 622 арық, 149 канал, сең жүруі үшін 1330 су өткізу құрылысы тазартылды және дайындалды. 70 шақырым қашықтықта бөгеттер жөнделді, сондай-ақ 50 шақырым  қашықтықта жағалау нығайтылып, 2 млн. тонна жанар-жағар май, 900 мыңнан астам тонна инертті материал мен 700 мың құм салынған қап дайындалды", - деді Ибрагим Күлшімбаев.

Белгілі болғанындай, вице-министрдің айтуынша,  егер су тасқыны күрделенген жағдайда елді мекендерді су басуына жол бермеу бойынша алдын алу шараларын қабылдау үшін Атырау, Қарағанды, Жамбыл, Маңғыстау облыстарынан, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан, РЖҚЖ және ТЖМ әскери бөлімдерінен жиынтық жасақтардың күштері мен құралдарының топтары, сондай-ақ «Қазавиақұтқару» АҚ әуе кемелері жедел тасымалдауға әзір екен.

Кеңес кезінде 4-5 наурыз аралығында өткен "Көктем-2021" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығудың нәтижелері де талықланды. Айта кетейік, оқу-жаттығуға басшылық Павлодар қаласынан жүзеге асырылды. Аталған оқу-жаттығуға орталық мемлекеттік органдардан (республикалық азаматтық қорғау қызметтері), жергілікті атқарушы органдардан (төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиялар), облыстық, аудандық және қалалық азаматтық қорғау қызметтерінен, Төтенше жағдайлар, Ішкі істер министрліктерінің бөлімшелерінен, Ұлттық ұланның әскери бөлімдерінен және Қорғаныс министрлігінің келісімі бойынша жедел топтарды тартылған. Сонымен бірге, төтенше жағдайларды жою бойынша трансшекаралық іс-шараларды пысықтау шеңберінде елдің шекаралас өңірлерінде Ресей мен Өзбекстан Республикасы ТЖМ бөлімшелерінің штабтық ойындарына қатысу жоспарланды.

"Биыл оқу-жаттығу жаппай су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу бойынша өткізілді. Атап айтқанда, елді мекендерден қарды және ғимараттардың, сондай-ақ үй жанындағы учаскелердің, әсіресе халықтың әлеуметтік осал топтарының шатырларынан мұзды шығару, арықтарды, каналдарды, автомобиль және теміржол көпірлерінің су өткізу құрылыстарын тазалау және сең жүрісін және тасқын суларды өткізуге дайындау, қорғаныс бөгеттерін, бөгеттерді және үйілме құрылыстарды нығайту, зардап шеккен халықты уақытша орналастыру орындарының (эвакуациялық пункттердің) дайындығын тексеру бірыңғай кешенді міндет форматында өткізілді", - деп хабарлады министрліктен.

Оқу-жаттығу барысында азаматтық қорғау күштері мен құралдарын төтенше жағдайларды жою жөніндегі шешімдерді әзірлікке келтіру және қабылдау бойынша "Дабыл-1001" мен "Тасқын-2002" екі негізгі сигнал бойынша теориялық және практикалық іс-қимылдар пысықталды.

Қабылданған алдын алу шаралары биылғы жылдың көктемгі кезеңінде тасқын судың салдарын барынша азайтуға және келтірілген залалды азайтуға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, оқу-жаттығуға ҚР ТЖМ бірінші вице-министрі И.Күлшімбаев өзі басшылық етті. Ал оған республикалық және облыстық Азаматтық қорғау қызметтері: орталық және жергілікті атқарушы органдар, авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары қатысты.

Штабтық жаттығу АҚМЖ облыстық кіші жүйесінің басқару органдары мен күштерін дайындыққа келтіру, осы жағдайды басқаруды ұйымдастыру, жинау, қорыту және талдау, сондай-ақ көктемгі кезеңдегі күрделі метеорологиялық жағдайдың салдарын жоюға шешім қабылдау және құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу кезіндегі өзара іс-қимыл мәселелері бойынша жүйелі пысықтаумен өткізілді.

Ал Павлодар облысындағы "Көктем-2021" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу шеңберінде практикалық оқуларын өткізу үшін Павлодар қаласының ауылдық аймағы Кенжекөл ауылы анықталды.

"Біздің қызметіміздің негізгі мақсаты – адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау және әлеуметтік инфрақұрылымды қалпына келтіру. Біз осы орайда халықты эвакуациялау бойынша бірінші кезектегі іс-шараларды өткізу үшін құтқарушылар мен еріктілер су басуға бейім көшелердің аулаларын аралап, ықтимал зардап шеккендерді, тасымалдауға келмейтін науқастар мен жалғыз басты зейнеткерлерді анықтау үшін жүргіздік. Сонымен бірге,  5 шатырдан және 2 тіркемелі вахтовкадан тұратын шатырлы лагерь орнатылды, сондай-ақ барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, Кенжекөл жалпы орта білім беру мектептерінің базасында жинау эвакуациялық пункті ашылды. Ттөтенше жағдайлардың салдарын жою және жағдайды тұрақтандыру мақсатында адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіпті жою, халықтың тыныс-тіршілігін қалпына келтіру және шаруашылық жүргізуші объектілерге зиянды азайту бойынша алдын алу іс-шаралары жүргізілді, атап айтқанда: қарды тазалау, неғұрлым қауіпті учаскелерді опырылымдау, бөгеттерді нығайту, су өткізу құбырларын тазалау жүргізілді", - деді министрліктен.

Белгілі болғанындай, оқу-жаттығу кезінде жедел топтың негізгі күші Кенжекөл кенті халқының әлеуметтік осал топтарына атаулы көмек көрсетуге шоғырландырылған. Практикалық іс-шаралар 2021 жылға арналған Павлодар облысын су тасқыны кезеңіне дайындау жөніндегі кешенді іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізіледі, күштер мен құралдар жеткілікті.

Естеріңізге сала кетейік, Төтенше жағдайлар министрлігінде "Көктем-2021" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығудың қорытындысы бойынша бейнеселекторлық кеңес өтті. Аталған кеңеске Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің төрағалық етсе, ТЖ-ға жоюға дайындығы туралы ТЖМ бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев баяндама жасады. Оның айтуынша, елді мекендерден 1,8 млн. астам текше метр қар шығарған. Халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын 1112 отбасыға үй маңындағы учаскелерді қардан және үйлердің шатырларынан мұзды тазарту бойынша көмек көрсетілген.