Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Алматы облысында жол апатынан үш адам қаза болды

Жол апаты Алматы-Бішкек тас жолының 102-шақырымында болды, деп хабарлайды Paryz.kz


Алматы облысында жол апатынан үш адам қаза болды
Фото: ПД

Алдын ала мәліметтер бойынша, Chevrolet Cobalt жүргізушісі жолдың қарсы бағытына шығып, Hyundai Elantra көлігімен соқтығысқан.

«Апат салдарынан екі жүргізуші мен Hyundai Elantra жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Chevrolet Cobalt көлігінің тағы бір жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу жүргізіліп жатыр. Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жылдамдық режимін бұзбауға және жолда аса мұқият болуға шақырады»,- деді Әбдіннұр Тасыбаев Алматы облысы ПД ЖПҚБ басшысы.