Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

«Нағыз азамат!»: Далада қалған әйелге көмектескен полицей жұртты тәнті етті

Әлеуметтік желіде отбасылық жанжалдан соң далада қалған көпбалалы анаға көмектескен полицейдің видеосы көпшілікті тәнті етті, хабарлайды paryz.kz.

«Нағыз азамат!»: Далада қалған әйелге көмектескен полицей жұртты тәнті етті
фото: видеодан скриншот

Ресми ақпаратқа сүйенсек, Астана қаласы ПД учаскелік полиция инспекторы Нұралы Тәңірбергенов видеодағы мейірімді полицей болып шықты.

Полицейдің айтуынша, қиын жағдай тап болған адамдар дағдарыс орталығын паналауға болады.

«Балаларыңызбен далада қалып, қиын жағдайға тап болсаңыздар Астанада және басқа да қалалардағы дағдарыс орталығы сіздерге көмек көрсетеді. Ол орталықта сіздер үшін жағдай жасалған», - дейді Нұралы Тәңірбергенов.

Видеодан полицейдің жүк көтеріп жүргенін және көпбалалы ананың қызметкерлерге алғыс білдіріп жатқан сәтін көруге болады.

Әлеуметтік желі қолданушылары полицейдің әрекетін қолдап, алғыстарын білдіріп жатыр.

«Қандай азамат! Көзіме жас алдым. Нұралы, мен сізді бұрыннан "американский полицейский" деп атайтыным бекер емес, сіз нағыз халық жанашырысыз. Полиция қызметкерлерінің бәрі сіз сияқты әйел адамдарды қолдаса, тұрмыстық зорлық-зомбылық деңгейі Қазақстанда төмен болатын еді. Қызметіңізге рахмет! Сіз мықтысыз! Неге әйел кету керек, еркекті жіберу керек оңалту орталығына. Осындай адамдар көбірек болса екен», - деп жазған көпшілік.