Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Қос азаматтығы бар 91 адам шекарадан өтпек болған

Жыл басынан бері ҰҚК Шекара қызметі өткізу пункттерінде бір мезгілде ҚР-ның және басқа мемлекеттің азаматтығы бар 91 адамның шекарадан өтпек болғаны анықталған, деп хабарлайды Paryz.kz.

Қос азаматтығы бар 91 адам шекарадан өтпек болған
Фото: ҰҚК

Құқық бұзғандардың басым бөлігі - шетел азаматтары. ҰҚК Шекара қызметі отандық заңнамаға сәйкес қос азаматтықтың болуы 300 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салуға немесе әкімшілік жолмен шығарып жіберуге әкелетінін еске салады.

Бұдан өзге, қазақстандықтардың басқа мемлекеттің азаматтығын алуы Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру үшін тікелей негіз болады, - делінген хабарламада.