Ұлттық ұлан баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, қазақ халқының ұлттық тағамдарын танымал ету мен мәдени құндылықтарды сақтау мақсатында әскери қызметшілердің рационына өзгерістер енгізілді.
Ұлттық ұлан баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, қазақ халқының ұлттық тағамдарын танымал ету мен мәдени құндылықтарды сақтау мақсатында әскери қызметшілердің рационына өзгерістер енгізілді. Жаңартылған әскери рационға қазақша ет, сірне, наурыз-көже, нарын, кеспе, бауырсақ және басқа да дәстүрлі тағамдар кіреді.
— Әскери тамақтануға ұлттық тағамдарды енгізу — бұл аспаздық жаңалық қана емес, әскери қызметшілеріміздің жауынгерлік рухын нығайту мен мәдени бірегейлігін сақтаудағы маңызды қадам, — дейді Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тыл жөніндегі орынбасары Еркебұлан Хамидуллин.
Ұсынылып отырған өзгерістер алдын ала қазақ тамақтану академиясымен келісілген.
Себебі калориясы мен энергетикалық құндылығы жоғары ұлттық тағамдармен байытылған рацион зат алмасуды, иммунитетті жақсартуға және қарқынды жүктемеден кейін күш-қуатты қалпына келтіруге ықпал етеді.
— Бұл бастама әскери қызметшілердің денсаулығын нығайтып қана қоймай, оларды патриоттық рухта тәрбиелеуде маңызы рөл атқарады, — дейді Ұлттық ұланнан. Айта кетсек, Ұлттық ұлан қоймасындағы азық-түлік қорының жарамдылық мерзіміне цифрлық бақылау енгізілді. https://kaz.inform.kz/news/besbarmak-bauirsak-kespe-end-ulandarga-ulttik-tagam-berled-47f003/