Қазақстанда ауа райының нашарлауына байланысты екі облыста тасжол жабылды, деп хабарлайды Paryz.kz.
«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, Жетісу облысында «Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» автожолының 557-615 шақырым аралығындағы учаскесінде (Үшарал қаласынан Абай облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.
«Абай облысында «Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» автожолының 615-768 шақырым аралығындағы учаскесі (Жетісу облысының шекарасынан Аягөз қаласына дейін), сол сияқты «Таскескен-Бақты» автожолының 0-75 шақырым аралығындағы учаскесі (Таскескен ауылынан Үржар ауылына дейін) жабық», - делінген хабарламада. Жол 30 қаңтар күні сағат 18:00-де ашу жоспарланып отыр.