Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Шетел азаматы онлайн алаяқтық жасау үшін Қазақстанға арнайы келген

Алматы қаласында жалдамалы пәтерде таяу шет елдердің бірінің азаматы қолға түсті, деп хабарлайды paryz.kz.

Шетел азаматы онлайн алаяқтық жасау үшін Қазақстанға арнайы келген
фото: видеодан скриншот

ІІМ мәліметінше, пәтерді тінту кезінде үш sim-box құрылғысын тапты. Олардың әрқайсысында 32 sim-карта слоты болған.

Сондай-ақ түрлі ұялы байланыс операторларының екі мыңға жуық sim-картасы тәркіленді.

Арнайы құрылғылардың көмегімен қазақстандықтарға алаяқтық қоңыраулар жасалған. Шетел азаматы Қазақстанға былтыр желтоқсан айында келіп, алаяқтық әрекеттер жасау үшін аталмыш жабдықтарға қызмет көрсетумен айналысқаны анықталды.

«Қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деді ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай.