Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Бензин бағасы қанша теңгеге дейін қымбаттайтыны белгілі болды

Елімізде бензин бағасы бірінші кезеңде 210 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін. Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді, деп хабарлайды paryz.kz.

Бензин бағасы қанша теңгеге дейін қымбаттайтыны белгілі болды
Фото: Pixabay

Министрдің айтуынша, бағаның одан әрі өзгеруі нарықтық жағдайға байланысты реттеледі. Дегенмен үкіметтің басты міндеті – бағаның тұрақтылығын сақтау. Біз аса күрделі өзгерістер күтіп отырған жоқпыз. Бұған дейін бензин бағасы 400 теңгеге дейін өседі деген негізсіз ақпарат тарады. Ондай қымбаттауға жол бермейміз, – дейді Сәтқалиев Энергетика министрлігінде өткен брифингте.

Министрлік баға динамикасын қадағалап, жағдайды бақылауда ұстайтынын атап өтті.

«Қазіргі таңда елдегі бензин бағасы - 205 теңге. Алмасадам Сәтқалиев бензин бағасы 4-5 теңге шамасында өсетінін айтты. Қазір нақты бекітілген алгоритм жоқ. Бірақ алғашқы бағаның өсуі 5 теңгеден аспайды деп болжап отырмыз. Мүмкін, 4 теңге деңгейінде болады. Одан кейінгі баға өзгерісіне мұқият назар аударамыз. Біз нарыққа белгілі бір белгі бердік. Өндірушілер мен жеткізушілердің монополия арқылы пайда табуына жол бермейміз, – деді министр.