Қырғыстанда мектеп оқушылары көшедегі қоқыс жәшігінде жатқан жаңа туған нәрестені тауып алды, деп хабарлайды Paryz.kz.
Полицейлердің мәліметінше, белгісіз біреулер сәбиді Интергельпо көшесіне тастап кеткен.
Бұл факті бойынша тергеу қызметі қылмыстық іс қозғады. Тәртіп сақшылары сәбидің анасының жеке басын анықтап жатыр.
Денсаулық сақтау министрлігі қалалық балалар клиникалық жедел жәрдем ауруханасына бір қыз жеткізілгенін хабарлады. Бөлімше жаңа туған нәрестенің жағдайы өте ауыр екенін атап өтті - «шала туған» нәрестеде «гипотермия» диагнозы бар.
«Бала қазір жаңа туған нәрестелердің жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы тұрақты-ауыр деп бағалануда. Бала ем қабылдап жатыр», деді Қырғыстан денсулық сақтау министірлігі.