Прямая трансляция

Астана

Астана

-16.03°C

Енді 50 жастан асқан ерлер скринингтен өтеді

Биылдан бастап скринингтің жаңа 2 түрі енгізілді. Бұл туралы Мәжілісте Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтты, деп хабарлайды Paryz.kz.

Енді 50 жастан асқан ерлер скринингтен өтеді
фото: baq.kz

Министрдің сөзінше, биылдан бастап сақтандырылмаған азаматтар онкоскринингтен тегін өтуге мүмкіндігі бар.

Сонымен қатар, биылдан бастап скринингтің жаңа 2 түрі енгізілді: 1) жүктілікке дайындық; 2) 50 жастан асқан ерлерде инсульт пен инфарктты алдын алу мақсатында (предгравидаралды дайындық, мойынның артерияларының УДЗ).

Денсаулық сақтау министрлігі осы мәселені қарастыратын норманы Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында әзірленген Заң жобасына енгізген.