Прямая трансляция

Астана

Астана

-29.03°C

Әскери резервке қабылданғандарға қанша теңге жалақы төленетіні белгілі болды

Әскери резервке қабылданғандарға 85 мың теңге жалақы төленеді. «Атамекен бизнес» телеарнасының сауалына жауап берген Қарулы күштер Бас штабының өкілі осылай деді, деп хабарлайды Paryz.kz.

Әскери резервке қабылданғандарға қанша теңге жалақы төленетіні белгілі болды
Коллаж: Ulysmedia.kz

Белгілі болғандай, елімізде әскери қызметтің жаңа түрі енгізіледі. Тиісті заң жобасын мәжіліс депутаттары қабылдады.

Сенат қолдап, Президент қол қойса, Қазақстанда әскери қызметтің жаңа түрі пайда болады. Ол «Резервтегі әскери қызмет» деп аталады. Ал қатарына қабылданатындар «резервтегі әскери адам» деп аталады.

Телеарна хабарлауынша, бұл жай ғана ұғым емес. Олар да - кәсіби мамандар. Резерв қатарына қосылған әскерилер айына 2-3 рет оқу-жаттығу сабақтарына қатысады. Оларға ең төменгі жалақы - 85 мың теңге төленеді. Ал жылына 1 рет өтетін арнайы оқу-жаттығу жиындарына қатысқандарға өз жалақысының орташа табысы беріледі.

Сондай-ақ әлеуметтік жеңілдіктер де қарастырылған. Ең бастысы, резервке қабылданған адам негізгі жұмысын істей жүріп, аталған көмектерді ала алады. Әскери резервке әзірге 1862 адам қабылданады.

Офицерлер үшін – 60 жасқа дейін, сержанттар мен сарбаздар үшін – 50 жасқа дейін жас шектеуі бар. Мамандарды дайындау үшін бюджеттен жыл сайын 3 млрд 529 млн теңге қажет.