57 жастағы атыраулық азамат 21 қаңтар сағат 4.00-де белгісіз бағытта үйден шығып кетіп, оралмаған. Іздеу нәтижесінде құтқарушылар марқұмның мәйітін Жайық өзенінен тапты, – деп хабарлайды Paryz.kz.
22 қаңтар сағат 17.00-ден бастап полиция қызметкерлеріне көмектесу мақсатында құтқарушылармен іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілген.
Оған тоғыз құтқарушы, бес техника, екі жүзу құралы және бір дрон жұмылдырылды. Бұл жұмыстар Атырау қаласы Жұмыскер ықшамауданы Жайық өзенінде сүңгуірлердің көмегімен жүзеге асты.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті имидждік жұмыс және сыртқы коммуникациялар тобынан білгеніміздей, 22 қаңтар сағат 19.35-те судан ер адамның денесі шығарылып, полиция қызметкерлеріне тапсырылды.