Алматының полициясы адамды бопсалап, одан 10 млн теңге алып жатқан екі блогерді ұстады, деп хабарлайды Paryz.kz.
Жәбір көрген адам полицияға арызданып, екі блогерден қоқан-лоқы көргенін айтқан.
Оның үстіне, іс материалына сәйкес, жәбірленуші бір кәсіпкермен соттасып, оны жеңіп шыққан. Кәсіпкер оған 20 млн теңге беруі керек еді.
«Күдіктілер әлеуметтік желілерде компромат жариялаймыз деп қоқан-лоққы көрсетіп, ол адамнан 8 миллион теңге бопсалаған. Сондай-ақ олар жәбірленушіні сот шешімімен кәсіпкер төлеуге міндеттелген 20 миллион бас тарт деп көндірмек болған. Блогерлер 10 миллион теңге алып жатқан жерінде ұсталды», - деп хабарлайды ішкі істер министрлігі.
Қазір блогер мен кәсіпкерге қатысты қылмыстық іс қозғалған.