Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Төтенше жағдайлар қызметкері қандай болу керек?

Төтенше жағдайлар қызметкері дегенде, ең алдымен өрт сөндірушілер мен құтқарушылар еске түседі. Алайда Төтенше жағдайлар минситрлігінде түрлі қызмет көрсету мамандары жұмыс істейді. Атап айтқанда, қар көшкіні, су тасқыны кезіндегі құтқарушылар, табиғи және техногендік төтенше жағдай кезіндегі қызмет түрлері және т.б.

Төтенше жағдайлар қызметкері қандай болу керек?
фото: ашық дереккөз

Біз осы орайда төтенше жағдайлар қызметкерінің қауіпке толы қызметі мен өмірі туралы баяндағанды жөн көріп отырмыз.

Құтқарушы деген кім?

Қарапайым тіршілікте көбіне есікті аша алмай қаламыз. Ағаш құлап кетеді. Көліктен ақау шығады. Осындай жағдайларда біз бірден құтқарушылардың көмегіне жүгінеміз. Ал құтқарушы жұмыс кезінде өміріне қауіп төнентінін біле тұра, халық үшін тәуекелге баратынын білесіз бе? Нағыз құтқарушы ең бірінші зардап шегушіні ойлайды. Құтқарушылар табиғи және әлеуметтік апаттар орындарына да барады. Құтқарушының тез шешім қабылдау алу, мақсат қоя білу, топпен жұмыс істей алу, жағдайға тез бейімделу, физикалық күшті болу, жылдамдық, әуесқойлық және өте жақсы денсаулық сияқты жеке қасиеттері болады. Біз осы орайда осындай қасиеттерге ие, құтқарушы қызметін атқарып жүрген Айдос Хасеновты әңгімеге тарттық. Ары қарай құтқарушының әңгімесін өрбітсек.

ТЖМ-де жұмыс істеудің плюсы мен минусы

Құтқарушы болудың ең алғашқы артықшылығы денсаулық өте жақсы болады және әрдайым бақылауда болады. Жұмысы қауіп пен қатерге толы болғандықтан жақсы жалақы алады. Отбасының өмірін қамтамасыз етеді және жұмыстан демалу үшін демалысқа шығуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жеңілдіктер, әлеуметтік төлемдер, зейнетке шығу басқа жұмыстарға қарағанда ертерек бар. Төтенше жағдайлар министрлігінің әр қызметкері, әскери адам сияқты, үнемі үздік физикалық формада болады. Құтқарушы өмірді сақтаушы деуге болады... Ол көптеген адамдардың ғана емес, сонымен қатар жануарлардың шығынын болдырмайды. Отанға қалтқысыз қызмет ететін мамандық түрі.

Ал енді минустарына келетін болсақ, ең бірінші денсаулығы мен өміріне қауіп төнеді. Мәселен, өрт кезінде түтіннен тұншығуы, күйік шалуы, шатырдың құлауы, зақым алуы, т.б. мүмкін... Сонымен қатар, нақты жұмыс кестесі жоқ, құтқару жұмысы аяқталмайынша жұмыс орнынан немесе үйіне қайта алмайды. Күн мен түнге қарамай шақырған уақытта жұмысқа оралады. Сондай-ақ, құтқарушы қызметіндегі қыз-жігіттердің жұмысы психикаға кері әсер етуі мүмкін. Өйткені, адамдардың қайғы-қасіретін жиі көру өте қиын.

Құтқарушының бір жұмыс күні

Айдос Хасеновтің құтқарушы болып жұмыс істеп жатқанына 7 жылдың жүзі болыпты. Ол бұл уақытты аз да, көп те санамайды. Дегенмен жинаған тәжірибесімен бөлісті.

"Біздің жұмыстың ерекшелігі – біз тек қала ішінде ғана емес, сыртында да, тау-тас, жазық даладада да жүреміз. Орманда, тауда адасқан адамды іздейміз. Балықшылар отырған жерде ойылған мұзға да бізді көмекке шақырады. Су тасқыны кезінде де адамдарға көмек қолымызды созамыз. Құтқарушы болу үшін, меніңше, физикалық дайындық, төзімділік, мықты мінез, алғырлық қана емес, ақылдылық, жылдам ойлау қажет. Ештеңеге қарамай, тоқтамай алға қарай жүреміз, өйткені біз үшін әрбір секунд қымбат. Адамды құтқару мүмкін болмаған кездер болады, бұл өте қайғылы. Бірақ бізге эмоцияға берілуге болмайды, темірдей мықты болып қайта жұмысқа кірісеміз", - дейді Айдос.

Елімізде құтқарушы болып жұмыс істегісі келген азамат өз еркімен немесе 18 жастан кейін келісімшарт бойынша қызмет ете алады. Азаматтар моральдық және іскерлік сипаттамалары, сондай-ақ денсаулық сақтау және білім беру тұрғысынан ұсынылған сипаттамаларға сәйкес келуі керек.

Негізгі талаптар:

– 18-ден 40 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер;

– дене дайындығы;

– сәйкес орта немесе жоғары білім;

– стресске төзімділік, жігерлілік сияқты қасиеттерге ие болуы керек.

Жас құтқарушының айтуынша, әйел адамдар құтқару саласында өзін көбіне медбике немесе психолог ретінде көрсете алады. Сонымен қатар диспетчер, фотограф және т.б. күш талап етпейтін жұмыстарға тартыла алады. Ал нағыз құтқарушы болу нәзік жандылар үшін өте ауыр. Бірақ сирек болса да кездесіп жатады.

Құтқару қызметінің түрлері

Төтенше жағдайларда құтқару қызметінің бірнеше түрі бар. Олар төтенше жағдай орын алған жерлерге бірінші болып барады. Бұл мамандық бірнеше мамандықтарды қамтиды. Атап айтқанда:

– жүргізуші;

– дәрігер;

– өрт сөндіруші;

– сүңгуір;

– тікұшақ (альпинист).

Әрбір жұмысшы алғашқы медициналық көмек көрсете білуі керек. Бұл өте маңызды шарттардың бірі.

Оқиға орнына келді жұмысшылар келесі әрекеттерді орындайды:

– жағдайды бағалау;

– адамдарды құтқару немесе эвакуациялау жоспарын ұйымдастыру;

– жаралыларға көмектесу;

– медициналық көмек көрсету (таңғыш жаралары, жасанды тыныс алу, сплинт қолдану және т.б.).

Диспетчерлер жағдайдың қаншалықты қауіпті екенін және зардаптарды жоюға кім ең қолайлы екенін анықтай алуы керек. Қоңырау шалатын адамдар қатты қобалжуы мүмкін, сондықтан нақты сөйлей алмайды.

Қорытынды

Құтқарушы – батыл әрі тез шешім қабылдай алатын, шыныққан, жігерлі азамат. Олар үнемі жақсылық жасауға, құтқаруға, нәтижелі жұмыс істеуге тырысады. Құтқарушылар табиғи және әлеуметтік апаттар орындарына да барады. Құтқарушының тез шешім қабылдау алу, мақсат қоя білу, топпен жұмыс істей алу, жағдайға тез бейімделу, физикалық күшті болу, жылдамдық, әуесқойлық және өте жақсы денсаулық сияқты жеке қасиеттері болады. Төтенше жағдайлар министрлігінің әр қызметкері, әскери адам сияқты, үнемі үздік физикалық формада болады. Құтқарушы өмірді сақтаушы деуге болады.