Прямая трансляция

Астана

Астана

-2.03°C

Қарағанды облысында жолаушылар мінген автобус қатты желден аударылып қалды

Бүгін таңертең Қарағанды ​​облысындағы тас жолда ішінде жолаушылар мінген автобус аударылып қалды, деп хабарлайды Paryz.kz

Қарағанды облысында жолаушылар мінген автобус қатты желден аударылып қалды
фото: видеодан скриншот

Төтенше жағдай 21 қаңтар күні таңғы 9 шамасында Бастау – Ақтау – Теміртау тасжолында болды. №84 бағыттағы автобус Ботақара-Қарағанды ​​бағытында келе жатып, бір сәтте аударылып, жолдан шығып кеткен.

«Алдын ала болжам бойынша, оқиғаға қатты жел себеп болған, соның салдарынан автобус орнықтылығын жоғалтып, бір шетке аударылып кеткен. Оқиға кезінде салонда 17 жолаушы болған», - деп хабарлады облыстық полиция.

Жолаушылардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Полицейлер оларға көмекке келіп, адамдарды құтқарып, үйлеріне жеткізді.