Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

Үш шетелдік Қазақстанда миллиард тауып, өз еліне триллион аударған

Орталық Азияның үш елінің азаматтары Қазақстанда үш жыл ішінде 136 млрд теңге табыс тауып, өз еліне триллион теңге аударған. Мұны Жоғары аудиторлық палата өкілдері анықтаған, деп хабарлайды Paryz.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Үш шетелдік Қазақстанда миллиард тауып, өз еліне триллион аударған
Коллаж: Ulysmedia

Аудиторларда бақыланбайтын экономиканы айқындау әдістемелеріне қатысты да сұрақтар туындады. Мысалы, қолма-қол ақшасыз айналым коэффициенті қолданылады. Бұл – жеке тұлғалардың тауарлар мен көрсетілетін қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз төлемдерінің ЖІӨ-ге қатынасы. Мұндай төлемдердің үлесі жыл сайын өсіп келеді, бұл көлеңкелі экономика деңгейін автоматты түрде «төмендетеді». Сондықтан бұл коэффициенттің орындылығы күмән тудырады.

БАҚЫЛАНБАЙТЫН ЭКОНОМИКА

Сондай-ақ есептеу санаттарының бірі бойынша тұрғын үйді жалға алу саласын да қамтитын «Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар» және «Өнер, ойын-сауық және демалыс» жіктеуіштері есепке алынбайды. Ал басқа санатта шағын сауда кәсіпорындары жөніндегі деректер тұтас емес, іріктеме әдіс арқылы жинала бастады, бұл бақыланбайтын экономиканы қамтудың төмендеуіне әкелді. 

КӨЛЕҢКЕЛІ АЙНАЛЫМ

Жүргізілген талдау негізінде мемлекеттік аудит көлеңкелі айналымға бейім тұрған тәуекелі жоғары бірқатар сала мен бағытты анықтады. Мысалы, Мемлекеттік кірістер комитетінің деректері бойынша Орталық Азияның үш елінің азаматтары Қазақстанда үш жыл ішінде 136 млрд теңге табыс тапқан. Алайда Ұлттық Банктің ақпараты бойынша осы уақыт ішінде олар өз елдеріне жалпы 1 трлн теңге аударған. Яғни, «көлеңкелі» тауарлар немесе көрсетілетін қызметтер болу ықтималдығы жоғары.

АУДИТ НӘТИЖЕСІ

- барлығы 74 млрд теңге сомасына бюджеттің кіріс бөлігі бойынша жанама шығындар; - 18 рәсімдік бұзушылық; - 23 жүйелі кемшілік анықталды.