Олар 2023 жылы Шымкентте танысын өлтіруді жоспарлап, үйіне шабуыл жасап, оны өлімші етіп ұрып-соққан.
Жәбірленуші ауруханаға жетпей қайтыс болды. Күдіктілердің екеуі ұсталып, сотталған, қалған үшеуі халықаралық іздеуге жарияланды.
2024 жылдың мамырында олардың біреуі экстрадицияланып, сотталды. Қалған екі күдікті 2024 жылдың шілдесінде Мәскеу облысында ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланды.
Қазіргі таңда олар тергеу изоляторында, қылмыстары үшін 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.