«Кураторлар» есірткілерді жасырын орындарға қалдырып, таратып отырған. Жасырын орындар көбінесе қоғамдық орындарда, кейде қаладағы адамдар аз жүретін жерлерде орналасқан.
Жеке тексеру барысында полиция 80 ораманы тәркіледі, олардың ішінде ұнтақ тәріздес заттар болған.
Сараптама нәтижесінде тәркіленген зат синтетикалық есірткі болып шықты. Қазіргі таңда бұл факт бойынша тергеу жүріп жатыр. Күдікті ИВС-ке қамауға алынды, ал кәмелетке толмаған бала жасөспірімдерге арналған бейімдеу орталығына жіберілді.