Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Қар, тұман, бұрқасын: Бірнеше өңірде ескерту жарияланды

15 қаңтарда еліміздің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды paryz.kz.

Қар, тұман, бұрқасын: Бірнеше өңірде ескерту жарияланды
Фото: istockphoto.com

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі.

Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. 

Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, шығысында тұман. 

Абай облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 25 м/с. Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. 

Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың шығысында, оңтүстік-шығысында 15-20 м/с. Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.

 Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ, тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында қар күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұрқасын күтіледі. 

Түнде және таңертең облыстың солтүстік-шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. 

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Ұлытау облысының солтүстігінде, орталығында кей уақыттарда тұман күтіледі. Қызылорда облысының солтүстігінде, батысында көктайғақ күтіледі.

 Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз тау асуларында күші 15-20 м/с.