Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Қазақстанда «қонақ неке» пайда болып, үлкен жас айырмасымен үйлену көбейді

Бұл туралы Қазақстан қоғамдық даму институты жариялаған Қазақстан отбасылары ұлттық баяндамасында айтылды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Қазақстанда «қонақ неке» пайда болып, үлкен жас айырмасымен үйлену көбейді
Фото: Pixabay

Сарапшылардың айтуынша, Қазақстанда жаңа неке түрі “қонақ неке” пайда болды.

«Қонақ неке – ресми тіркелген неке. Жұбайлар бөлек тұрады және аптасына 2-3 рет кездеседі. Олардың бөлек тұруы жанжалдасуларымен немесе өзара келіспеушіліктерімен байланысты емес. Қонақ неке жұбайлардың әртүрлі қалаларда немесе елдерде тұруынан немесе біреуінің вахталық әдіспен жұмыс істеуінен туындайды. Сонымен қатар, сарапшылар тағы бір кең таралған құбылыс ретінде жұбайы өзінен айтарлықтай үлкен болатын некелердің көбеюін атап өтеді. Сарапшылар бұл үрдіс болашақта трендке айналып, туу деңгейіне ықпал етеді және бұл елдің демографиялық дамуына теріс әсер етуі мүмкін деп санайды», - делінген баяндамада. 

Сарапшылардың пікірінше, жастар арасында отбасылық өмірге деген көзқарас өзгеріп, қаржылық тәуелсіздік пен тұрақтылыққа басымдық беріліп жатыр.

«Ал ата-аналар қыздарын тұрмысқа шыққанға дейін жеке баспанамен қамтамасыз етуге тырысады. Жастар арасында бұл, бәлкім, ең алдымен мансапқа деген назар. Көптеген жастар жақсы білім алып, мансап құрып, отбасын құрмай тұрып, қаржылық тәуелсіз және тұрақты болғысы келеді. Жастар тәуелсіз болуды қалайды. Мысалы, қыздарға ата-анасы үй сатып алып беруге тырысады, сонда ол өз үйіне ие болады. Қазір осындай үрдіс бар. Тең құқықтық қатынастар, міндеттерді тең бөлу және тағы басқа», - деген астаналық оқытушы пікірі баяндамада берілген.