Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,64 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 528,52 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 529 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 531 теңге.Еуро 540 — 543 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 531 теңге, сатып алу құны — 533 теңге. Еуро 540 теңгеден сатылып, 545 теңгеден сатып алынады. Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,07 - 5,17 аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 13 қаңтарға ұсынған ресми бағамы — 1 долларға 526,81 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,16 теңге. Еуро — 542,72.