«5 қаңтарда сағат 18:00 шамасында ескі вокзал ғимаратында 3-4 жасар баланы тастап кеткен әйелді іздейміз», - делінген жазбада.
Айта кетейік, бірнеше күн бұрын WhatsApp чаттарда да ескі вокзал маңайында 3-4 жасар баланың табылғаны туралы ақпарат тарады.
Оның қалтасында «баладан бас тартамын» деген хат болған. Көліктегі полиция департаменті баспасөз қызметі сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын мәлімдеді.
«Астана» станциясындағы желілік полиция басқармасы кәмелетке толмаған баланы қауіпті жағдайда қалдыру дерегі бойынша соталды тергеу бастады. Табылған бала профилактикалық мақсатта медициналық мекемеге орналастырылды. Полицейлер оның анасын әлі іздеп жатыр», - деп хабарлады ведомство өкілдері.