Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Елімізде электр энергиясы қымбаттауы мүмкін

Бұл ұйымдардан бөлек тағы үш компания энергия өндірушілер тізіміне кіру үшін жаңа тариф енгізуді ұсынған, деп хабарлайды Paryz.kz.

Елімізде электр энергиясы қымбаттауы мүмкін
Фото: istockphoto.com

Энергетика министрлігі шекті тарифтерді көтеру бойынша бұйрық әзірледі.

«Алдағы уақытта бірыңғай сатып алушы үшін электр энергиясының құны 1 кВт/сағатына шамамен 2 теңгеге өсуі мүмкін. Оны 22 қаңтарға дейін талқылау үшін «Ашық НҚА» порталына жариялады», – делінген ақпаратта.

Электр бағасын көтерудегі негізгі мақсат – мамандардың жалақысын арттыру. Сондай-ақ энергетика саласындағы кадр тапшылығы мен жанармай бағасының өсуі де негізгі себептер қатарында.