Қазақстанда қыс мезгілінде көлігін 5 минуттан артық қыздырған адамдарға айыппұл салынбақ. Бұл нормаға 20 жылдан астам уақыт өтсе де, қоғамда енді резонанс тудырып жатыр, деп хабарлайды paryz.kz.
Астананың қысында бірде-бір көлік қыздырылмаған күйі қозғала алмайды. Себебі солтүстіктің ауа райы паркингте тұрған көлікті де қыздыртуды талап етеді.
Ал көлігін 5 минуттан артық қыздырғандарға айыппұл салынады. Айыппұл болса көлігін 5 минуттан артық қыздырғандардың куәгерлері мұны ІІМ-ге жеткізген жағдайда артылмақ. Олардың видео және фото түріндегі дәлелі де болуы керек.
Әкімшілік полиция комитетінің мәліметінше, қозғалтқышы 5 минуттан астам жұмыс істеп тұрған көліктерді қоюға тыйым салынады. Егер қыздыру бұл уақыттан асып кетсе кемінде 5 АЕК айыппұл салынбақ.
ҚР ӘҚБтК-нің 597-бабының 1-бөлігіне сәйкес, көлік құралдарын тоқтату немесе тұраққа қою ережелерін бұзғаны үшін 5 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) (2025 жылы - 19 660 теңге) көлемінде айыппұл салынады. Осыны бір жыл ішінде қайталанғандарға 10 АЕК (39 320 теңге) айыппұл салынады.