Алматы - Анталья бағытындағы Airbus A321 ұшағы ақауына байланысты Ақтау әуежайына қонды. Оқиғаның мән-жайын Air Astana әуе компаниясы хабарлады.
– 8 қаңтарда Алматы - Анталья бағыты бойынша КС915 рейсін орындайтын Airbus A321 ұшағы әуежайдан жергілікті уақыт бойынша 08:35-те ұшып кетті. Техникалық себеппен ұшақ Ақтау әуежайына штаттық режимде қонды. Бұған орталық бактың отын жүйесінің сақтандырғыш клапанының ақауы себеп болды, - деп жазылған ресми хабарламада.
Рейс Алматыдан қосалқы бөлікті жеткізу қажеттілігіне байланысты 9 қаңтарда сағат 09: 20-ға ауыстырылды. Жолаушыларға тамақ беріліп, қонақ үйге орналастырылды. Осындай шаралар Антальядағы жолаушыларға қатысты да қолданылып жатыр.