Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Тасмағамбетов ресейлік ірі компанияда жұмыс істеуі мүмкін

Еске сала кетсек, Иманғали Тасмағамбетов 2019 жылдың желтоқсанына дейін Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарды. Бұл қызметте ол 2 жыл, 9 ай жемісті жұмыс істеді...

Тасмағамбетов ресейлік ірі компанияда жұмыс істеуі мүмкін
фото: ашық дереккөз

Қазақстанның Ресейдегі бұрынғы елшісі Иманғали Тасмағамбетовтің кандидатурасы "КамАЗ" ААҚ директорлар кеңесіне сайлауға ұсынылды, деп хабарлады paryz.kz, sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы компанияның ресми сайтында жарияланған. Сонымен, "КамАЗ" ААҚ директорлар кеңесінің құрамына кандидаттарды ұсыну бойынша сырттай дауыс беру рәсімі аяқталды.

"Директорлар кеңесінің құрамына сайлауға алғаш рет екі үміткер ұсынылды: "КамАЗ" ААҚ қызметкерлері біріккен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы - Кирилл Пузырков және Иманғали Тасмағамбетов" деп жазылған сайтта.

Еске сала кетсек, Иманғали Тасмағамбетов 2019 жылдың желтоқсанына дейін Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарды. Бұл қызметте ол 2 жыл, 9 ай жемісті жұмыс істеді. 2019 жылдың 9 желтоқсанында ол зейнет жасына – 63 жасқа толды. Содан кейін 18 желтоқсанда Тоқаев Тасмағамбетовті Қазақстанның Ресейдегі елшісі қызметінен босату туралы жарлыққа қол қойды.

Ал Кирилл Пузырьков – 2020 жылдың 6 қазанында кенеттен қайтыс болған "КамАЗ" ААҚ директорлар кеңесінің мүшесі Александр Васильевтің ізбасары. 

"КамАЗ" ААҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын 2021 жылдың 4 маусымында өткізу жоспарланған. Жалпы, бұл "КамАЗ" компаниялар тобы – Ресейдегі ең ірі автомобиль корпорациясы.