Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Еліміздің мектептеріне латын графикасы қашан енгізіледі?

Айта кетейік, бүгін Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтіп жатыр.

Еліміздің мектептеріне латын графикасы қашан енгізіледі?
фото: ашық дереккөз

Еліміздің орта білім ошақтарына 2023 жылдан бастап латын графикасы енгізілмек, деп хабарлады paryz.kz

"Қазақстанда жаңартылған білім мазмұнына көшу 100 пайыз аяқталды. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында барлық өңірге толықтай бейнебақылау орнатылып және 99 пайызы жылы әжетханамен қамтылды. 2023 жылдан бастап кезең-кезеңімен 12 жылдық білім беруге көшу жоспарланып отыр. Ол үшін ауқымды жұмыс істеліну қажет. Оның ішінде мемлекеттік стандартты, оқу бағдарламасын және үлгілік оқу жоспарларын қайта жаңартуымыз тиіс. Математика, информатика және тіл пәндеріне басымдық беріледі. Сондай-ақ, Қазақстан тарихы мен Дүние жүзі тарихы пәні бойынша бірыңғай оқулық болады. 2023 жылдан бастап латын графикасын енгізу жоспарланып отыр", - деді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов. 

Айта кетейік, бүгін Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтіп жатыр. Жиында министрліктің 2020 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысы мен 2021 жылға қойылған міндеттері талқылануда. 

Сондай-ақ алқа отырысына Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов қатысып жатыр.