Ulysmedia.kz мәліметінше, оқиға 2 қаңтарда “Green Recycle” ЖШС қалдықтарды қайта өңдеу зауытының аумағында болған.
Зауыт маңынан денесі бөлшектелген 68 жастағы әйелдің денесі табылған. Марқұмның денесі полиэтилен пакетінде жатқан. Полицияның деректері бойынша 67 жастағы әйел әпкесін өлтірген. Оған екеуінің арасындағы ұзаққа созылған араздық себеп болған. Күдікті әйел ұсталып, қамауға алынған. Бұл қылмыс тез арада ашылды. Адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Басқа да мән-жайлар анықталып жатыр», – дейді полицейлер.
Әлеуметтік желідегі деректер бойынша, күдікті әпкесінің денесін балталап тастаған.