Актау маңында болған әуе апатын тергеуге Бразилияның Авиациялық оқиғаларды тергеу және алдын алу орталығының (CENIPA) мамандары келді, деп хабарлайды Paryz.kz ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Министрлік мәліметінше, тергеу комиссиясының штабында кеңес өткен. Жиын барысында қазақстандық және бразилиялық мамандар оқиға орнында бірлесіп атқаратын міндеттерді анықтады.
«Тергеу комиссиясының штабында өткен кеңесте тараптар бірлескен жұмыс жоспарын талқылап, нақты міндеттерді айқындады», — делінген ресми хабарламада.
CENIPA — азаматтық авиациядағы әуе апаттарын тергеу және алдын алу бойынша уәкілетті орган. Оның мамандары халықаралық тәжірибе мен стандарттарға сәйкес тергеу жүргізуге жауапты.