Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Адвокат Жанна Уразбаховаға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Қуандық Бишімбаевтың сотында Нүкеновтар отбасының мүддесін қорғаған адвокат Жанна Уразбаховаға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Адвокат Жанна Уразбаховаға қатысты қылмыстық іс қозғалды
фото: әлеуметтік желіден

Алматы ПД баспасөз қызметі істің мән-жайын жариялады. Ведомствоның мәліметінше, У. және Б. есімді азаматтарға «бопсалау және алаяқтық» туралы қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу деректерін жария ету фактісі бойынша іс қозғалған.

«Қылмыстық іс жүргізу заңнамасында белгіленген тыйымға қарамастан, аталған адамдар тергеу барысы туралы ақпаратты БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы таратқан. Бұдан басқа, күдіктілер тергеу әрекеттерін қасақана бұзған және процессуалдық процеске міндетті түрде қатысу керектігін елемеген», - деп хабарлады ведомстводан.