Кеше Ақтау маңында ұшақ апатқа ұшырап, кейін қара жәшік табылған еді. Бүгін тағы бір қара жәшік табылғаны белгілі болды. Бұл туралы Маңғыстау облысының көлік прокуроры Абылайбек Ордабаев мәлім етті, деп хабарлайды paryz.kz.
– Борттан екі қара жәшік табылды. Әуе оқиғаларын тергеу басқармасына тапсырылып, кейін олар қаралады, – деді Маңғыстау облысының көлік прокуроры Абылайбек Ордабаев Ақтауда өткен баспасөз мәслихатында.