Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

"Кәсіби дайындалған мамандар еді": ҰҚК кеше қаза тапқан әріптестері туралы жазды

"Сарбаздардың жарқын бейнесі Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің жадында мәңгі сақталады..."

"Кәсіби дайындалған мамандар еді": ҰҚК кеше қаза тапқан әріптестері туралы жазды
фото: arasha.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы әуежайы маңында ұшақ апатынан қаза тапқандар туралы жазды, деп хабарлады paryz.kz.

"ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери борышын атқару кезінде қайғылы жағдайда қаза тапқан ҚР ҰҚК Авиация әскери қызметшілері:

– авиация бөлімінің штурманы, 19.10.1984 жылы туған майор Ғабит Есімдеұлы Барлықбаевтың;

– авиация бөлімі ұшу тобының борт технигі, 15.12.1985 жылы туған капитан Досжан Ғалымбекұлы Баймұратовтың;

– авиация бөлімі ұшу тобы экипажының штурманы, 24.11.1994 жылы туған аға лейтенант Мұхтар Қажымұқанұлы Сағымбаевтың;

– авиация бөлімі ұшу тобының аға борт механигі, 10.11.1985 жылы туған сержант Васильков Евгений Борисовичтің отбасыларына, туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады.

АН-26 әскери-көлік ұшағының экипажы тәжірибелі әрі кәсіби дайындалған мамандар еді. Олар өмірінің соңына дейін әскери антқа адал болды. Сарбаздардың жарқын бейнесі Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің жадында мәңгі сақталады. Біз ауыр және орны толмас қазаның қайғысын бірге бөлісеміз" деп жазды ҰҚК баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, кеше 17.22-де Ан-26 ұшағы апатқа ұшыраған еді. Қазір төтенше жағдайға байланысты Алматы әуежайы жабық.