Солтүстік Қазақстан облысында көлік жүргізушісі рульге ие бола алмай қалып, 20 мың кг сыра тиелген жүк көлігін аударып алды.
СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға «Астана-Петропавл» республикалық маңызы бар автожолының 436 шақырымында, Ленинск елді мекенінің жанында болған.
«Volvo» жүк көлігін жүргізген 63 жастағы Қырғызстан азаматы тізгінге ие бола алмай кюветке аударылған. Зардап шеккендер жоқ, жүк көлігі механикалық зақымданды. Полиция қызметкерлері және өтіп бара жатқан жүргізушілер Қырғыз елінің азаматына ауыр жүк көлігін жолға шығаруға көмектесті.
Тәртіп сақшылары жүргізушілерге алыс сапарға шығар алдында ауа-райы болжамы мен шұғыл қызметтердің хабарламаларын назардан тыс қалдырмауды, көлік құралының техникалық жағдайын тексеруді, жылы киімдер мен қажетті құрал-саймандадың болуын еске салады.
Ауа-райы қолайсыз болған жағдайда жылдамдықты төмендету керек.