Атырауда 11 жасар жасөспірім жоғалып кеткен еді. Жергілікті полицейлер мен еріктілер жасөспірімді бірнеше күн іздеді.
Бүгін Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабар-ошарсыз кеткен жасөспірімнің табылғанын растады.
– Жасөспірімнің жоғалуына не себеп болғаны тексеріліп жатыр. Өзінің айтуынша, шатырда түнеген, - деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметі. Мектеп оқушысының үйіне нендей себеппен оралмағаны әзірге белгісіз. Оның бірнеше күн шатырда түнегені рас па? Бұл сауалдар тергеу барысында анықталады.