Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Елімізде қар жауып, аяз түседі

Синоптиктер 3 күнге арналған ауа райы болжамы жариялады, деп хабарлайды Paryz.kz

Елімізде қар жауып, аяз түседі
Фото: El.kz/Артем Чурсинов

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 24 желтоқсанда еліміздің басым бөлігінде 25-26 желтоқсанда батыста, солтүстік-батыста және шығыста атмосфералық бөлімдердің өтуімен және циклонның әсерімен қар жауады, ал республиканың оңтүстік-батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

Тек антициклон жотасымен Қазақстанның оңтүстігінде ауа-райы негізінен жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жаяу бұрқасын, тұман, екпінді жел, еліміздің батысында көктайғақ күтіледі. Орталық пен шығыста түнде ауа температурасы минус 20-35 градусқа дейін төмендеп, аяз түседі, ал қалған аумақта температуралық фонда күрт өзгеріс күтілмейді, деп жазылған хабарламада.