Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Биыл Шымкентте «Жасыл ел» жасағында 1300 жас еңбек етті 

Бүгінде «Жасыл ел» атауы елі¬міздегі әрбір жасқа жақ¬сы таныс. Аталмыш жоба мемлекетімізде 2005 жы묬дан бастап тұрақты жү¬зеге асырылып келеді, деп хабарлайды paryz.kz.

Биыл Шымкентте «Жасыл ел» жасағында 1300 жас еңбек етті 
Фото: jsk.kz

«Жасыл ел» жасағы біраз жас буынның Отанға деген сүйіспеншілік сезімін арттырып, рес¬публиканың түкпір-түк¬пірін жасыл желекке айналдыру мақсатында олардың жалын-жігерін, күш-қуатын бір арнаға тоғыстырды. Сонымен қатар, жастардың жазғы демалыс уақыттарын тиімді пайдаланып, еңбек етіп, қосымша қар¬жы табуына жол ашты.

Еңбек жасақтары айналаны көгалдандыруға, қала, аудан, ауыл маңдарын, көшелерін та¬зартуға, спорттық кешендер мен өзен-көл жағалауларын қалпына келтіруге, саябақтар мен құрылыс алаңдарын та-зар¬¬туға атсалысты. Жақында Шымкент қаласында «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының ХХ-шы маусымы жабылды. Оған өңірдегі белсенді жастар жиналды. «Таза Қазақстан» акциясына жұмыла қатысқан «Жасыл ел» жасағының жастары әр түрлі номинация бойынша марапатталды. 2005 жылдан бері өткізіліп келе жатқан бірегей жоба жастарды еңбекке араластыру арқылы табиғатты күтіп баптауға баулиды.

Биыл Шымкентте «Жасыл ел» еңбек жасақтарына 1300-ден аса жас тартылған. Олар өңірді абаттандырып, көгалдандыру жұмыстарымен айналысты. Осылайша аймақ жастары қаланың экологиясын жақсартуға үлес қосты. Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарманың қолдауымен «Алтын Орда» қоғамдық бірлестігінің  ұйымдастыруымен өткен маусымдық жабылу салтанаты концерттік бағдарламамен жалғасты. Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысы орынбасары Заңғарбек Усупахметов тазалық жұмыстарына атсалысып, белсенділік танытқандарды алғыс хатпен марапаттады. Ол өз сөзінде, бүгінге дейін жобаға қатысқан жастар, өзгелерге үлгі екендігін де айтып өтті. 

- «Жасыл ел» еңбек жасағаның мақсаты - жастардың күшімен елімізді көгалдандыру, абаттандыру арқылы студент жастарды еңбекпен қамтамасыз ету. Сәйкесінше, жылына қаншама жастарды осы бағдарламаға тарта отырып, олардың арасындағы жұмыссыздықты төмендеді. «Жасыл ел» жасақтары қатарында 2024 жылы маусым - қазан айында 1313 жас жұмыспен қамтылып, арнайы «Жасыл ел» формасымен қамтамасыз етілді,-деді Заңғарбек Нышанбекұлы. 

Жұмыс тобы 5 ауданға бөлініп, күніне 4 сағаттан тиімді, пайдалы жұмыстар атқарды. Оның ішінде саябақтарды жапырақтан тазарту, Ардагерлер үйіне тазалық жұмыстарын жүргізу, әлеуметтік мекемелердің айналасын тазарту жұмыстары ұйымдастырылды. Еңбек сарбаздары тек тазалық жұмыстарына ғана атсалыспай қалалық деңгейдегі іс-шараларға, түрлі сала өкілдерінің белгілі тұлғаларымен кездесулерге қатысқан. 

«Жасыл ел» жасағында негізінен 16 жастан асқан мектеп оқушылары және колледж, жоғары оқу орнының студенттер жұмыс істей алады. Биылғы жылы жасылелдіктердің арасында жаңадан келгендер де, көп жыл еңбек еткен жастар да болды. 

Айта кетейік, биыл «Жасыл ел» жасағында Абай облысында – 1100, Ақмола облысында – 4156, Ақтөбе облысында – 1520, Алматы облысында – 1000, Атырау облысында – 1000, Батыс Қазақстан облысында – 1475, Жетісу облысында – 635, Қарағанды облысында – 4822, Қостанай облысында – 1708, Қызылорда облысында – 1200, Маңғыстау облысында – 2660, Павлодар облысында – 1924, Солтүстік Қазақстан облысында – 755, Түркістан облысында – 1500, Ұлытау облысында – 598, Шығыс Қазақстан облысында – 2000, Астана қаласында – 4200, Алматы қаласында – 2100,  Жамбыл облысында 1620 жас еңбек етті.  Министрлік 2023 жылы «Жастар еңбек жасақтарын құру, ұйымдастыру, қамта¬масыз ету, сондай-ақ олар¬дың қызметіне мониторинг жүргізу қағидаларын» бекітті. Сол қағидаларға сәйкес жастар еңбек жасақтары Жастар ресурстық орталықтарының базасында құрылды. Ағымдағы жылы жастар еңбек жасақтарын ұйымдастыруға жергілікті бюджеттен 3 659,9 млн теңге бөлінді. Көгал¬дандыру, абат¬тандыру және құрылыс жұмыс¬тары секілді бағыт¬тар¬дағы қызметтерді атқарған жастардың орташа жалақысы – 90 мың теңгені құрады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев¬тың бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» акциясы қарқынды түрде жүргізілді. Мұндағы басты мақсат – қоршаған орта мен тұрғындар үшін қолайлы жағ¬дайларды қамтамасыз ету, азаматтық жауапкершілікті арттыру, экологиялық сана мен экологиялық мәде¬ниет¬ті қалыптастыру болды. Аталған эко¬логиялық акцияға «Жасыл ел» жасағы да сүбелі үлес қосты.